Түркияның Анталия қаласында «Һизмет» қозғалысымен ынтымақтастықта болды деген айыппен 19 адам құрықталды
(last modified Sun, 14 Feb 2016 17:13:14 GMT )
Ақп 14, 2016 23:13 Asia/Almaty
  • Түркияның Анталия қаласында «Һизмет» қозғалысымен ынтымақтастықта болды деген айыппен 19 адам құрықталды

Түркияның ақпарат құралдары Анталия қаласында кем дегенде 19 адамның Фетхуллаһ Гүленнің жетекшілігіндегі «Һизмет» қозғалысымен ынтымақтастықта болды деген айыппен құрықталғанын хабарлады.

Түркияның қауіпсіздік күштері Анталия қаласы прокуратурасының жарлығымен кемінде 19 адамды «Һизмет» қозғалысымен ынтымақтастықта болды деген айыппен құрықтады.

Осы кісілер құрықталған соң ауқымды тергеулер жүргізілу үшін Түркия полициясының лаңкестікпен күрес орталығына жеткізілді. Құрықталған кісілердің арасында Түркияның жоғары шенді бірнеше әскериінің де есімі кездеседі.