Шіл 12, 2024 18:28 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: Америка мен Англия қарсыласу топтарына нұқсан келтіру үшін лаңкестік топтар құруда

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Америка мен Англияны лаңкестік топтарды құрушылар деп атады.

 

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла бейсенбі күні кешке Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі мен әулеті имам Хұсейнді (ғ.с.) аза тұту рәсімінде: " Лаңкестік топтарды американдық және британдық барлау қызметтері құрады",- деді.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Сейд Хасан Насролла американдық және британдық барлау агенттіктері жиһад, шәһидтік және қарсыласумен байланысты құндылықтарды қорлау мақсатында лаңкестік топтар құру үшін әрекет еткеніне назар аударды.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы: "2000 жылдан кейін Батыста мәдени, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа деңгейлерде күшті науқан басталды. Ол қарсылыққа қатысты барлық нәрсені нысанаға алды. Нәтижесінде "жиһад" сөзі жағымсыз сөзге айналды",- деді. Америка мен Англия лаңкестік топтардың, соның ішінде ДАИШ-тың негізгі құрушылары мен қолдаушылары болып табылады. Әсіресе Сирияда бар ДАИШ-тың кейбір элементтері лагерьлерде, бір бөлігі АҚШ-тың бақылауында. ДАИШ лаңкестерінің негізгі қамау орны болып табылатын Сирияның Хаске провинциясындағы «Әл-Хол» лагері де осы лагерьлердің бірі.

 

Тегтер