Израильдің палестиналық спортшыларды қасақана өлтіруі / сионистердің Париж Олимпиадасынан қорқуы
(last modified Tue, 16 Jul 2024 10:54:47 GMT )
Шіл 16, 2024 16:54 Asia/Almaty
  • Израильдің палестиналық спортшыларды қасақана өлтіруі / сионистердің Париж Олимпиадасынан қорқуы

Палестинаның спорт қайраткерлері палестиналық спортшылардың сионистердің қолынан жаппай қырылуын хабарлады.

 

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі спортшылар мен спорт достары 26 шілдеде Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының басталуын тағатсыздана күтіп отырғанда, сионистік режим өзінің соңғы зұлымдық толқынында Газада палестиналық спортшыларды қырып жатыр.  

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Джабриэл Раджаб 2023 жылдың 7 қазанында Газадағы соғыс басталғаннан бері 400 палестиналық спортшы, жаттықтырушы және спорт қайраткері қаза тауып, жараланғанын хабарлады.

Атланта Олимпиадасында бақ сынаған палестиналық жүгіруші Маджид Абу Мерахил маусым айында қайтыс болды. Ол бүйрек жетіспеушілігінен зардап шекті және Газа ауруханаларының қирауы мен медициналық қызметтің жоқтығынан қайтыс болды.

Палестина футбол федерациясы да мәлімдеме жасап: «Ахмад Абул-Атта палестиналық футболшы мен оның отбасы маусым айында Израильдің үйлеріне жасаған әуе шабуылында шәһид болғанын хабарлады.  

Бұл шабуыл кезінде Газадағы Әл-Ахли командасында ойнаған Абу әл-Ата  дәрігер әйелімен және 2 баласымен бірге өмірден өтті.

Сондай-ақ палестиналық халықаралық төреші Хани Месмех маусым айында Израиль әуе шабуылынан ауыр жарақат алған соң бір айдан кейін қайтыс болды.

Сионистердің Палестина спорт қауымдастығына қарсы қатыгездігі Халықаралық Олимпиада комитеті мен әлемдік спорт федерациялары бұл спортшыларды қолдау үшін ешқандай шара қолданбаған кезде орын алуда.  

Бұған дейін Украинадағы соғысқа байланысты ресейлік спортшыларға Ресей туымен Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынып, Олимпиада ойындарына Олимпиада комитетінің туымен қатысуға мәжбүр болған.

Сионистік режим 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз және езілген халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады. Басқа жақтан Газадағы Палестина қарсыласуы мен Ливан, Ирак, Йемен және Сириядағы басқа қарсыласу топтары бұл қылмыстары үшін басқыншы режимнің жауап алатынын жариялады.

Соңғы мәліметтер бойынша, сионистік режимнің 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Газаға жаңа шабуылдары басталғаннан бері 38 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 88 мыңнан астам адам жарақат алды.

Израиль режимінің құрылымы 1917 жылы британдық отаршылдық жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне қоныс аударуы арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері Палестина халқын қырып-жою және оның бүкіл жерін иемдену үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

ИИР бастаған бірқатар елдер Израильдің отаршылдық режимін ыдыратып, еврейлердің бастапқы елдеріне оралуын шындап жақтайды.