Йеменнің Израильге шабуылынан кейін Батыс Азиядағы стратегиялық теңгерімде үлкен өзгеріс болды
(last modified 2024-07-24T11:06:23+00:00 )
Шіл 24, 2024 17:06 Asia/Almaty
  • Йеменнің Израильге шабуылынан кейін Батыс Азиядағы стратегиялық теңгерімде үлкен өзгеріс болды

Al-Masirah арнасының хабарлауынша, Йеменнің Тель-Авивке дронмен шабуыл жасауы Израильге саяси-экономикалық және стратегиялық зиянмен қоса, сионистік режимді қолдайтын коалицияны түйткілге ұшырату үшін көптеген сигналдар жіберді.

Йемендіктердің сионистік режимді жазалау керегіне табандап тұруы, Йемен халқының Палестина халқын қолдауы, Нетаньяхудың Йеменнен қорқуы және сарапшылардың Йеменнің Израильге шабуылынан кейін Батыс Азиядағы стратегиялық теңгерімде өзгеріс болғанын мойындауы соңғы күндерде Батыс Азияда болған ең маңызды өзгерістердің қатарына жатады.

Йемен Газа халқын қолдауды жалғастырады

Al-Masirah арнасының хабарлауынша, Йеменнің ұлтты құтқару үкіметінің саяси кеңсесі дүйсенбі күні мәлімдеме жасап: "Йеменнің қарулы күштері Газа мен Палестина халқын қолдауды жалғастырады",-деді.

Айта кету керек, Йемен армиясы Газада соғыс басталғалы бері палестиналықтарға қолдау ретінде Баб ул-Мандеб бұғазы, Қызыл теңіз бен Жерорта теңізінде Израильге қарсы дрон және зымыранмен ондаған әскери амал жасады.

Гаарец: Нетаньяху йемендіктерден қорқады

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Гаарец" газеті бір мақаласында сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды әлсіз әрі қорқақ адам ретінде сипаттап, оның йемендіктерден қорқатынын жазды.

"Гаарец" газетінің экономикалық сарапшысы Нахмиа Эштерслер дүйсенбі күні "Биби йемендіктерден қорқады" деген мақаласында: "АҚШ Президенті Джо Байденнің Йемен қарсыласу күштерімен күресу үшін Қызыл теңізге жіберген әскери кемесі йемендіктерге айтарлықтай зиян тигізе алмады. Әлем жұртшылығы Израильдің әлсіз екенін бірден түсінді",-деп жазды.

Бұл сионист сарапшы: "Нетаньяхудың қорқып, шабуылдарға жауап бермей, мұны америкалықтар мен британдықтарға тапсыруы Тель-Авив үкіметін "Батыс Азияда оттың ортасында қалып, таяқ жеген балаға" айналдырды",-деді.

Йемен зымырандары Тель-Авивке бағыт алды

Defa Press-тің хабарлауынша, Йемен мен Израильдің сенбі күнгі өзара шабуылдарынан кейін Израильдің ақпарат құралдары басып алынған жерлердің Йеменнің баллистикалық зымырандарының нысанасына алынғанын ескертті.

Өткен бірнеше жылда саудиялық басқыншы коалицияның шабуылдарына төтеп берген Йемен армиясы мен халықтық комитеттері жергілікті білім мен өз күштерінің қарым-қабілетіне сүйеніп, тез арада түрлі қару-жарақтар, соның ішінде  зымырандар, шабуылдаушы және өзін-өзі жарып жіберетін дрондарды жобалап жасауда өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетіп, сионистік режимге қарсы әскери амалдар барысында осы қаруларды ең тиімді қалыпта пайдаланды.

Сионистік режим Йеменнің басқа нысандарына шабуыл жасайтыны туралы сес көрсеткеннен кейін осы елдің армиясы сионистік режимге жаңа шабуылдарда басқа да зымырандарды пайдаланатынын ескертті.

Айта кету керек, сенбі күні кешке сионистік режим Йеменнің әл-Худайда айлағын бомбалады. Осы шабуыл салдарынан жағалаудағы мұнай резервуары өртеніп кетті.

Йеменнің ұлтты құтқару үкіметі: Израильдің шабуылына көп кешікпей жауап беріледі

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йеменнің ұлтты құтқару үкіметінің саяси кеңсесінің мүшесі Әли әл-Қуһум дүйсенбі күні сионистік режимнің әл-Худайдаға әуе шабуылдары және йемендік күштердің бұған жауабы туралы: "Алдағы күндерде тұтқиылдан таңғажайып жауап беріледі. Сенбі күні әл-Худайданы нысанаға алған сионистік режимге жауабымыз көп күттірмейді",-деді.

Бұған дейін Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмәлік әл-Хуси: "Йеменге шабуыл дұшпанға еш пайда бермейді, оны тежей алмайды, Газаны қолдауға бағытталған амалдарымыздың бесінші кезеңіне кедергі болмайды",-деген болатын.

Бағери Мұхаммед Абдусаламмен сұхбатында: Йемен халқының Палестина халқының жанынан табылуы – тарихи оқиға

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР СІМ-нің жетекшісі Әли Бағери дүйсенбі күні Йеменнің ұлтты құтқару үкіметінің баспасөз өкілі әрі келісімгерлер делегациясының басшысы Мұхаммед Абдусаламмен телефон арқылы сұхбатында Йемен халқының Палестина халқының жанынан табылуын ислам дінінің мерейін асыратын тарихи оқиға деп атады.

Бағери сионистік режимнің әл-Худайдадағы бейбіт нысандарға шабуылын айыптап, ИИР-дың сионистік режимнің қылмыстарына қарсы Йемен халқы мен қарсыласу күштерін қолдайтынын айтып, Газа халқының табанды қарсылығын, Йемен үкіметі мен халқының сионистердің қылмыстарына қарсы палестиналықтарды қолдауын және ИИР-дың "Шын уәде" операциясын соңғы тоғыз айдың ішінде сионистік режимді стратегиялық жеңіліске ұшыратқан әсерлі үш оқиға деп атады.   

Мұхаммед Абдусалам осы телефон арқылы сұхбатта сионистік режимнің Йемендегі бейбіт нысандарға шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарды өлтіріп, жаралағанын сионистердің дәрменсіздігінің белгісі деп атап, ИИР-дың Палестина халқының жанынан табылып, түрлі салада, соның ішінде  сионистік режиммен ортақ күресте Йеменге саяси және рухани қолдау көрсетіп отырғанына алғыс айтты.

Йеменнің Тель-Авивке шабуылы аймақтағы стратегиялық теңгерімді өзгертті

Al-Masirah арнасының хабарлауынша, Йеменнің Тель-Авивке дронмен шабуыл жасауы Тель-Авивке саяси-экономикалық және стратегиялық зиянмен қоса, сионистік режимді қолдайтын коалицияны түйткілге ұшырату үшін көптеген сигналдар жіберіп, аймақтағы стратегиялық теңгерімнің өзгеруіне себеп болды.

Тель-Авивке дронмен шабуыл жасау арқылы қарсыласу күштері сионистік режимге "Газадағы бейбіт тұрғындардың есесіне Тель-Авивтегі қалашық тұрғындары" деген жаңа теңдеуді таңуға тырысып жатқанын көрсетті.

Йемен ұсынып отырған теңдеудің мақсаты Газаға шабуыл мен қоршауды тоқтату үшін сионистерге қысымды арттыру болып отыр. Мынадай жолдау жіберілді: Газадағы палестиналық бейбіт тұрғындар көріп отырған қысым Тель-Авивтегі сионистік қалашық тұрғындарына да көрсетіледі.   

Тегтер