Израильдік ақпарат құралдарының мойындауы: ХАМАС өз күшін қалпына келтірді
(last modified Tue, 03 Sep 2024 12:10:05 GMT )
Қыр 03, 2024 18:10 Asia/Almaty
  • Израильдік ақпарат құралдарының мойындауы: ХАМАС өз күшін қалпына келтірді

Сионистік ақпарат құралдары: "Газа секторындағы барлық шабуылдарға қарамастан, ХАМАС бұл аймақтың солтүстігіндегі әскери мүмкіндіктерін жандандырды",- деп жариялады.

 

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің 13 арнасы қауіпсіздік дереккөзіне сілтеме жасап: «Хамас қозғалысы Газа секторындағы барлық шабуылдарға қарамастан Газа секторының солтүстігіндегі әскери мүмкіндіктерін жандандыру арқылы өз қатарына 3000 жаңа әскерді тартты",- деп мәлімдеді. Израильдік «Маарив» газеті де Израиль режимінің қарсыласуды жою жоспарларының сәтсіздігін мойындаған хабарында: «Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина исламдық қарсыласу қозғалысымен (ХАМАС) шайқаста ауыр жеңіліске ұшырады",- деп жазды.

Газа секторына қарсы 11 айға жуық соғыстан кейін осы жолақтың әртүрлі аймақтарында басқыншы режим сарбаздары мен қарсыласу сарбаздары арасында кескілескен қақтығыстар жалғасуда.

Сионистік режим 2203 жылы 7 қазанда ХАМАС қозғалысын жою және сионистік тұтқындарды қайтару сияқты жарияланған екі мақсатпен бастаған бұл соғыс әлі де өз мақсаттарына жеткен жоқ.

Осыған орай, сионистік ақпарат құралдары Газа секторына қарсы соғыстың ілгерілеуіне және сионистік режим сарбаздарының құрбандарына сілтеме жасай отырып: "Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудің соңғы 11 айдағы соғыста жеңіске жету және ХАМАС-ты жою туралы берген уәделері бос және демагогиялық болды",- деп мойындады.