Қыр 14, 2024 17:55 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауындағы 10 700 палестиналық Израильдің қамауында

Соңғы хабарлар сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарына қоса, Иордан өзенінің батыс жағалауында мыңдаған палестиналықтарды тұтқындағанын көрсетеді.

 

Палестиналық тұтқындар клубы өзінің соңғы есебінде былай деп жариялады: Газаға қарсы соғыс басталған 7 қазаннан бері сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауында 10700 палестиналықты тұтқынға алды. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режим осы уақытта Газа секторында мыңдаған палестиналықтарды тұтқындаған.

Осы есеп бойынша сионистік басқыншы күштердің жаңа басқыншылығынан (28 тамыз) бері Иордан өзенінің батыс жағалауында 50 палестиналық шәһид болды.

2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Израиль режимі Газа секторында қорғансыз және езілген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 41 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 95 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимінің құрылымы 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне көшуі арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды.

Содан бері Палестина халқын қырып-жою және оның бүкіл жерін иемдену үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды. Иран Ислам Республикасы бастаған бірқатар елдер Израильдің отаршылдық режимін ыдыратып, еврейлердің бастапқы елдеріне оралуын байыпты жақтайды.

 

Тегтер