ДАИШ мысырлық ұшақ апатының жауапкершілігін өз мойнына алды
(last modified Fri, 20 May 2016 13:11:10 GMT )
Maм 20, 2016 19:11 Asia/Almaty
  • ДАИШ мысырлық ұшақ апатының жауапкершілігін өз мойнына алды

Такфіршіл-сионистік ДАИШ тобы мысырлық ұшақ жауапкершілігінің апатын өз мойнына алды.

«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, лаңкестік ДАИШ тобы Мысыр әуежайларының Airbus A320 ұшағы апатының жауапкершілігін өз мойнына алды. Париждің Шарль Де-Голь әуежайынан Каирге бет алған жолаушы тасымалдайтын Airbus A320 ұшағы бейсенбі күні таңда Жерорта теңізінің үстінде радарлардың бақылауынан шығып кеткен. Мысырдың Авиация министрі бұл оқиғаның лаңкестік әрекет болу ықтималын теріске шығарған жоқ.

Шариф Фатджи ақпарат отырысында бұл оқиғаның лаңкестік әрекет болуын теріске шығармайтынын жариялап, бірақ ұшақтың тағдыры анықталғанша «ұшақ із-түзсіз жоғалып кетті» деген сөзтіркесін пайдаланатынын қуаттады.

Осы мәлімет бойынша ұшақта 66 адам болған. Соның ішінде 30 адам мысырлық азамат, 15 адам франциялық, 2 адам ирактық, 1 адам кувейттік, 1 адам сауд арабиялық, 1 адам судандық, 1 адам Чад елінен, 1адам алжирлік және бір адам канадалық азаматтар болған.