Қаз 05, 2024 16:39 Asia/Almaty
  • Израиль осы уақытқа дейін қанша ливандықты өлтірді?

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің осы елге жасаған шабуылдарында екі мыңнан астам ливандықтың шәһид болғанын жариялады.

Сионистік армия биылғы жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ливанға жаңа шабуылдар кезеңін бастады, ол әлі де жалғасуда. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасап: "Сионистердің Ливанға жаппай шабуылынан бері 2023 бейбіт тұрғын шәһид болды, оның 127-сі балалар және 261-і әйелдер. Осы кезеңде 9526 адам да жарақат алған",- деп жариялады.

Қазір Ливанның 1200000-ден астам бейбіт тұрғыны сионистік шабуылдардың ауқымына байланысты баспанаға және ауыз су, азық-түлік, киім-кешек және денсаулық сақтау мекемелері сияқты негізгі нысандарға мұқтаж болып отыр. Ең соңғы қылмыста сионистік режимнің әскерилері осы сенбі күні таңертең Ливанның оңтүстігіндегі шәһид Салах Гандур ауруханасын бомбалады, онда 9 медицина қызметкері жараланды, олардың көбінің жағдайы ауыр.

Осы ретте Ливанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қауіпсіздік кеңесі мен бас хатшы Антониу Гутерришке сионистік режимнің Ливанға шабуыл жасап, БҰҰ қарарларын бұзғаны үшін шағымданды.

Шағымда былай делінген: "Израиль Ливанның оңтүстік шекарасына әскери күштерін, танкілері мен броньды көліктерін орналастырып, бейбіт тұрғындарды, гуманитарлық қызметкерлер мен журналистерді нысанаға алуда".

 

Тегтер