Неліктен сионистік армия Газа соғысындағы мақсаттарына жете алмады?
(last modified 2024-10-11T15:34:29+00:00 )
Қаз 11, 2024 21:34 Asia/Almaty
  • Неліктен сионистік армия Газа соғысындағы мақсаттарына жете алмады?

ParsToday – Араб тілді ақпарат құралдары бір мақаласында Палестинаның Газадағы қарсыласуының сыры мен сионистік режим армиясының осы режимнің премьер-министрі алға қойған мақсаттарына жете алмауын талқылады.

«Рай әл-Яум» Қарсыласу және Газа тұрғындарының басқыншыларға қарсы тұруына сілтеме жасай отырып: «Израиль өзінің барлық әскери арсеналы мен қауіпсіздік қызметтерімен және жоғары технологияларымен премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Палестина қарсыласуын жеңу деген мақсаттарын бір жылда жүзеге асыра алмаған сияқты»,- деп мәлімдеді. ParsToday-дің хабарлауынша, «Рай әл-Яум» осы мақаласында қарсыласу күштерінің күшті соғысуын жалғастырып, тіпті Газадан Тель-Авивті нысанаға алғанын атап көрсетеді.

«Рай әл-Яум» жалғасында Батыс Азия істері жөніндегі екі сарапшы Амина Мохфар мен Насер Хазурдың сөзіне сілтеме жасап: «Хамас әлі де Палестинада белсенді әскери күш болып табылады және бүкіл Газада Израиль күштерімен соғысуда»,- деді.

Бұл араб тілді БАҚ сонымен бірге «Вашингтон Посттың» Хамастың әскери мүмкіндіктері туралы есебіне сілтеме жасап, палестиналықтардың туннельдерінің ұзындығы 500 км және Нью-Йорк метросынан үлкен және бұл Тель-Авивтен Түркияның оңтүстігіне дейінгі қашықтық екеніне назар аудартты.

Мақаласының соңында «Рай әл-Яум» былай деп жазды: «Нетаньяху жеңілгенін мойындамас бұрын соғыстың аяқталғанын жариялай ма? Газаның болашақ сценарийі қандай?

Тегтер