Хезболла басшысы Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуына байланысты сөз сөйледі
Ливан Хезболласының бас хатшысы сионистік режимге қарсыласу қозғалысының жауынгерлеріне лаңкестік әрекеттердің жасалуына қатысты ескерту жасады.
Ливанның «Al Mayadeen» телеарнасының хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейед Хасан Насролла жұма күні түстен кейін Хезболла қолбасшыларының бірі Мұстафа Бадруддиннің жетісін өткізу рәсімінде Израиль режимі мен қарсыласу қозғалысының дұшпандарына: «Егер қарсыласу қозғалысының кез кезген күрескерінің шәһид болуына қатыстылығы анықталса, қарсыласу қозғалысының жауабы қатаң да кесімді болады»,-деп ескертті.
Бейнеконференция арқылы Бейруттің оңтүстігіндегі Захие ауданында «Сейіт әл-Шохада» кешенінде сөйлеген Ливан Хезболласының бас хатшысы: «Кейбір жалдамалы араб билеушілері өткен бір аптаның ішінде израильдіктерден көбірек Ливанның қарсыласу қозғалысына шабуыл жасады.
Ливан Хезболласы тексеріп, қарастыра келе сионистік режимнің Бадруддинді шәһид етуге қатысы барын дәлелдейтін дерек таппады. Бірақ Ливанның қарсыласу қозғалысы Израильді ақтамайды.
Қолда бар мәліметтер бойынша Мұстафа Бадруддинді Сириядағы қарулы лаңкестік топтар шәһид еткен»,-деп мәлімдеді.
Сейед Хасан Насролла Сауд Арабиясының аймаққа, әсіресе Сирия ісіне араласу саясатын айыптап: «Бұл ел өзі мемлекет басқарудың ешбір стандарттарын сақтамай, халқын сайлау құқығынан айырып отырған жағдайда Сириядағы саяси өзгеріс үдерісі туралы сөз сөйлейді»,-деді.