Мысырлық ұшақтың апаты – ДАИШ қаупінің әлемдік сипатқа ие болғандығының дәлелі
(last modified Sat, 21 May 2016 13:44:56 GMT )
Maм 21, 2016 19:44 Asia/Almaty
  • Мысырлық ұшақтың апаты – ДАИШ қаупінің әлемдік сипатқа ие болғандығының дәлелі

Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында ресейлік ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін бұл жолы мысырлық ұшақ 19 мамыр, бейсенбі күні Мысырдың әуе кеңістігі мен Грекия шекарасының нөлдік нүктесіндегі Кумаби аймағында радардың бақылауынан шығып кетті. Бұл жолы да ДАИШ лаңкестік тобы осы апаттың жауапкершілігін өз мойнына алды.

Мысырлық ұшақ 56 жолаушы, 7 экипаж мүшесі және 3 қауіпсіздік күшімен бірге Париж әуежайынан Каирге қарай бет алған еді. Бұл ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін бірден Францияның Министрлер кабинеті осы елдің Президенті Франсуа Олландтың басқаруымен жиналыс өткізді. Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро да осы министрлікте мысырлық ұшақтың жоғалып кетуіне қатысты дағдарыс бөлімінің құрылғанын хабарлады. Үш француз тексерушісі мен Airbus компаниясының бір техникалық маманы мысырлық ұшақтың тағдырын тексеру үдерісіне көмектесу үшін Мысырдың астанасы Каирге аттанды.

2015 жылдың қазан айының аяғында 200 жолаушысы бар ресейлік ұшақ Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласының көгінде апатқа ұшырап, оның барлық жолаушылары қаза тапқан болатын. Осы тұрғыдан Ресейдің Қауіпсіздік агенттігінің басшысы Александр Бортников енді мысырлық ұшақтың апатына реакциясында барлық елдерден, әсіресе еуропалық елдерден осы апатқа жауаптыларды анықтау үшін қажетті ортақ шараларды атқаруды талап етті.

Бұған қарамастан ДАИШ лаңкестік тобы Шармэш-Шейхте құлаған ресейлік ұшақ сияқты Мысыр әуе жолдарына тиесілі Airbus 320 ұшағының құлауына жауапкершілікті өз мойнына алды.

Бұдан бұрын кейбір сарапшылар ДАИШ-тің қоқан-лоққысына қатысты ескерту жасап: «Бұл топтың қоқан-лоққысы Азияның батыс аймағы мен Ирак, Сирия, Йемен және Ливия сияқты елдермен шектелмейді»,-деген болатын. Басқаша айтқанда ДАИШ жеке түрде, терроризм жалпы мағынада белгілі бір аймақ емес, бүкіл әлемге төнген қауіп болып табылады.

Франция мен Мысыр үкіметтері мысырлық ұшақ құлағаннан кейін бірден шара қолданғанымен, бұл шаралардың ДАИШ түріндегі терроризмнің әлемдік сипатқа ие болу қатерін азайтуға әсері болмайтыны анық.

Аталған шаралар тек мысырлық ұшақтың құлау себептері мен қалай орын алғандығын анықтаумен шектеледі. БҰҰ-ның Сирия істері бойынша бұрынғы өкілі Ахзар Ибрахимидің айтуы бойынша, ДАИШ – АҚШ-тың Азияның батыс аймағындағы заңсыз қалыптастырған тобы. Осы заңсыз топпен күресу үшін бір-екі ел, тіпті бірнеше елдің шаралары жеткіліксіз. ДАИШ-тың қаупін жою үшін бүкіл әлем біріге әрекет етуі тиіс. Әсіресе АҚШ үкіметі өзінің осы заңсыз қалыптастырған тобын жою үшін мықты ерік-жігер танытуы керек.