АҚШ армиясының бір эсминеці мен үш кемесі Йемен күштерінің нысанасына алынды
(last modified Mon, 02 Dec 2024 15:59:46 GMT )
Жел 02, 2024 21:59 Asia/Almaty
  • АҚШ армиясының бір эсминеці мен үш кемесі Йемен күштерінің нысанасына алынды

ParsToday - Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Америка армиясының бір соғыс кемесі мен үш кемесі Араб теңізі мен Аден шығанағында Йемен армиясының нысанасына алынғанын хабарлады.

Яхья Сари, Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы:

Бірлескен операция барысында Йеменнің теңіз, ұшқышсыз және зымырандық күштері американдық эсминецті және американдық армияның үш кемесін нысанаға алды. Нысанаға алынған АҚШ әскери кемелері арасында Stena Impeccable, Maersk Saratoga және Liberty Grace бар.

Бұл операция 16 баллистикалық және қанатты зымырандар мен ұшқышсыз ұшақпен Араб теңізі мен Аден шығанағында жүргізіліп, нысаналарға дәл соққы берілді.

Яхья Сари сөзін жалғастырып, бұл операцияның езілген Палестина халқына қолдау көрсету, сонымен қатар Америка мен Ұлыбританияның Йеменге жасаған шабуылдарына жауап екенін баса айтты: "Йемен қарулы күштері аймақтағы сионистік дұшпанға қарсы әскери операцияларды жалғастырады және жылдамдығы артып келеді. Және бұл операция Израиль режимінің басқыншылығының аяқталуы және Газа секторындағы блокаданың жойылуымен ғана тоқтатылады".

Америка мен Англия басқыншыларының Йеменге шабуылдары осы ел армиясының Қызыл теңіз, Баб әл-Мандаб және Жерорта теңізіндегі сионистік режиммен байланысты кемелерге қарсы операцияларына жауап ретінде және сионистік күштерді құтқару мақсатында жасалып отыр.

2023 жылдың қараша айынан бері Йемен қарулы күштері Газа секторындағы палестиналықтарға қолдау көрсету мақсатында сионистік режимге қатысты позициялар мен коммерциялық кемелерге зымырандық және ұшқышсыз ұшақтармен ондаған шабуыл жасады.