Израиль танктері Дамаск жолында; Америка Сирия үкіметін құлатуда рөл ойнағанын мойындады
ParsToday – Ақпарат көздерінің хабарлауынша, сионистік режим танктері Кунейтра провинциясынан (Сирияның оңтүстігінде) өткеннен кейін Риф Дамаск облысының шекарасына жетті.
Сионистік режимнің Сириядағы 300 нысананы бомбалауы, Израиль танктерінің Дамаск маңындағы аудандарға келуі, Дамасктегі Иран елшілігіне шабуылдан кейін Иранның БҰҰ-ға хаты және Американың Сирия үкіметін құлатуда рөл ойнағанын мойындауы - ParsToday-дің Сириядағы соңғы оқиғалар туралы хабарлар шолуында.
Сионистік режим Сирияда 300 нысанды бомбалады
"Әл-Алам" желісі сионистік режимнің ақпарат құралдарына сілтеме жасаған хабарында: "Израиль Башар Асад үкіметі құлағаннан бері Сирияның ішіндегі әскери базалар, әскери ұшақтар мен зымыран жүйелерін қамтитын 300-ден астам нысанды нысанаға алды.
Израиль танктері Дамаск маңына жетті
"Әл-Аламның" сейсенбі күні таңертеңгі хабарына қарағанда, сионистік режимнің танкілері Кунейтра провинциясынан (Сирияның оңтүстігінде) өткеннен кейін Риф Дамаск облысының шекарасына жетті. Сондай-ақ кейбір жергілікті ақпарат көздері Al-Mayadeen басылымына Израиль танктері Дамасктың оңтүстігіндегі Рифтегі Катна қаласынан 3 шақырымнан аз жерде, бұл Дамасктен 20 шақырымдай жерде екенін айтты. Осы ілгерілеумен бір мезгілде сионистік режим қырғи ұшақтары Дамаск, Хомс, Хама және Ракка провинцияларының айналасындағы нысандарды бомбалады.
Бұдан бұрын сионистік 12 телеарнасы осы режимнің Сирия армиясының барлық техникасы мен нысандарын жою жоспарын жариялап, былай деп мәлімдеді: "Әскери-әуе күштері Сирияның барлық аумағында ел армиясының қалған техникасын ауқымды түрде жойып жатыр. Енді болашақта үкіметтің қолында кім болатынына қарамастан, Сирия әскерінің басқалардың қолына түспеуі үшін оның барлық күші мен техникасын жоюдың ең қолайлы уақыты".
Америка Сирия үкіметін құлатуда рөл ойнағанын мойындады
АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан дүйсенбі күні CBS арнасына берген сұхбатында АҚШ Сирия үкіметін құлатуда рөл атқарғанын мойындады. Салливан осыған байланысты: «Біз Асадтың жақтастарын әлсіретуге бағытталған ауқымды аймақтық және халықаралық күш-жігердің бір бөлігі болдық",- деді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер де АҚШ-тың Сирия үкіметі құлатылғаннан кейін қарулы топтармен әрекеттесу жолдарын іздеп жатқанын хабарлады.
Иравани: БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесі Иранның Сириядағы дипломатиялық нысандарына жасалған шабуылды ашық түрде айыптауы керек
"Әл-Аламның" хабарлауынша, ИИР-ның БҰҰ-дағы Елшісі және Тұрақты өкілі Амир Саид Ирвани дүйсенбі күні қарулы топтардың Сириядағы Иранның дипломатиялық және консулдық нысандарына жасаған шабуылынан кейін дүйсенбі күні хатында Қауіпсіздік кеңесі мен осы ұйымның бас хатшысынан осы өрескел бұзушылықты ашық түрде айыптап, дипломатиялық қызметкерлер мен орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды сұрады.
ИИР Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Исмаил Бакаи дүйсенбіге қараған түні сионистік режимнің Сирия инфрақұрылымдарына бірнеше рет басқыншылық жасауын және Сирияның Голан аймағының басқа аймақтарын басып алуын қатаң айыптады.
Араб парламенті сионистік режимнің Сирия жеріндегі басқыншылығын тоқтатуды талап етті
Араб парламентінің спикері Мұхаммад Элимахи дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде халықаралық қауымдастықтан Сирия еліне қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қол жеткізуге көмектесуді сұрады. Бұл мәлімдемеде Элимахи сионистік режимнің Сирия жеріне шабуылын тоқтатуды талап етті.