Хамас Израиль басқыншыларын кепілдік беруге мәжбүр етті; Израильдің Ливан аудандарына жаңа шабуылы
ParsToday - Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы Хамас Израиль режимінен атысты тоқтату келісімін орындауды жалғастыру және тұтқындарды босату үшін жаңа кепілдіктер алғанын хабарлады.
Хамас қозғалысының баспасөз хатшысы Хазем Қасем Израиль режимінің атысты тоқтату келісімін орындау жолындағы кедергілеріне қатысты: «Біз бұл келісімді өзгеріссіз орындауға тырысамыз, қанша қысым болса да, ешбір өзгеріске жол бермейміз» деді. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, Хазем Қасем: «Біз атысты тоқтату туралы келісімге және оның барлық қадамдарын белгіленген кестелерге сәйкес жүзеге асыруға міндеттенеміз. Басқыншылар әдеттегідей кешіктіруді жалғастыруда, бірақ біз оларды талап еткен нәрсені жасауға мәжбүр еттік», -деді.
Газа қаласының инфрақұрылымының 70% қирауы
Осы уақытта Газа муниципалитетінің баспасөз хатшысы Хосни Махна қаланың инфрақұрылымының 70 пайыздан астамының қирағанын, бұл аймақтағы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық дағдарыс жағдайында негізгі қызметтердің жабылып, күнделікті өмірдің қиындауына әкеліп соқтырғанын хабарлады. Махна былай деп қосты: «Газа секторындағы жаппай қирау су тапшылығын, ағынды сулардың бұзылуын, қоқыстардың жиналуын, жолдар мен көше желілерінің бұзылуын, электр қуаты мен энергияның жетіспеушілігін тудырды, сонымен қатар шектеулі муниципалды нысандар қызмет көрсетуді ең төменгі деңгейге дейін қысқартты». Газа муниципалитетінің баспасөз хатшысы: «Израиль әскері ауыр техниканың Газа секторына кіруіне тосқауыл қоюды жалғастыруда, бұл қоқыстарды шығару мен көшелердің қайта ашылуына кедергі келтіріп, тұрғын үйлер мен сауда аймақтарында тасымалдау мен қозғалысты қалпына келтіруді кешіктірді»,-деді.
Иордан өзенінің батыс жағалауында төрт палестиналық шәһид болды
Басқа жақтан төрт жас палестиналық Иордан өзенінің батыс жағалауыгда Израиль армиясы сарбаздары қолынан қаза тапты. Палестина Азаматтық істері бас басқармасы мәлімдемесінде былай деп айтылды: «Солтүстік Тулкармдегі Аллар қаласынан Жихад Махмуд Хасан Машарка, Мұхаммад Ғассан Әбу Абед және Халед Мустафа Шариф Амер сәрсенбі күні түнде Нұр-Шәмс лагерінде израильдік әскерлер тарапынан атып өлтірілді және режим әлі олардың денелерін тапсырған жоқ. Адел Ахмед Адель Бишка - жұма күні түнде Наблустың шығысындағы босқындарға арналған арнайы күштердің лагерінде израильдік сарбаздар атып өлтірген тағы бір жас палестиналық».
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіндегі бірнеше аймаққа шабуыл жасады
Израиль армиясының Ливанның оңтүстігіне жасаған жаңа шабуылдарынан кейін хабар көздері режим әскерінің Набатье провинциясындағы Ярон қаласына шабуыл жасағанын хабарлады. Al-Mayadeen телеарнасы да Израиль армиясының оңтүстіктегі Ярон қаласында жаңа бомбалау операциясын жасағанын хабарлады. Ливан ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні кешке Израиль әскери көліктері Бинт-Джабил аймағының солтүстік-шығысындағы Ярун қаласының төңірегінде Халат Ашурбағытына қарай басып кірді. Ливанның ресми ақпарат агенттігі: «Бұл әрекет қаланың кіреберісінде жасалған қара төбеге қарай орналасқан жердің маңайында атыспен және дұшпандық сионистік ұшқышсыз ұшақтардың ауданның әуе кеңістігінде ұшуымен қатар жүргізілді»,-деп қосты.
350 антисионистік еврей раввині Трамптың Газа жоспарын айыптады
350-ден астам еврей раввині мен белсендісі де американдық The New York Times газетіндегі петицияға қол қойып, АҚШ президенті Дональд Трамптың палестиналықтарды Газа секторынан күштеп көшіру жоспарын қатаң айыптады. Түрлі топтардың еврейлерінің петициясында: «Трамп қазір барлық палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге шақырады. «Бірақ еврей халқы бұл этникалық тазартуға «жоқ» дейді!» деп айтылды. Сондай-ақ еврей жетекшілері палестиналықтардың қоныс аударуына және баспанасыз қалуына әкелетін кез келген жоспарға моральдық қарсылық танытты.