Maм 23, 2016 14:41 Asia/Almaty
  • Әл-Абадидің бұйрығымен Фалуджені азат ету операциясы басталды

Ирактың әл-Анбар обылысының екінші үлкен қаласы Фалуджені азат ету операциялары жексенбі күні кешке елдің Премьер-министрі Хейдар әл-Абадидің бұйрығымен басталды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ирак армиясының, әл-Хашд әл-Шааби күштері мен полицияның бірінші бөлімшелері ДАИШ лаңкестерінің кедергілерінен өтіп, бірнеше жақтан Фалудже қаласына кірді. Әл-Хашд әл-Шааби күштерінің дереккөздерінің бірі операцияда Ирак әскерінің артиллериясымен бірге полиция күштері және халықтық күштердің бөлімшелері қатысуда»,- деді.

Ирак Премьер-министрі әрі сол елдің қарулы күштерінің қолбасшысы бүгін, дүйсенбі күні таңертең Фалуджені босату туралы бұйрық шығарып: «Қала көп ұзамай тұрғындарға қайтарылып, оның үстінде Ирактың туы желбірейтін болады»,- деп қуаттады.

Екі негізгі қаланың біреуі Фалудже осыдан үш жыл бұрын Мосулдың құлауынан алты ай бұрын ДАИШ лаңкестік тобының қолына түскен болатын.

Тегтер