Катар Гаага сотында: Палестинаны басып алуды тоқтату керек; Израиль Газада геноцид жасады
(last modified Fri, 02 May 2025 15:22:57 GMT )
Maм 02, 2025 21:22 Asia/Almaty
  • Катар Гаага сотында: Палестинаны басып алуды тоқтату керек; Израиль Газада геноцид жасады

ParsToday - Халықаралық соттағы Катардың өкілі Израильдің басып алынған Палестина жерлеріндегі болуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату қажеттігін айтты.

ParsToday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Катардың Халықаралық соттағы өкілі Мутлак әл-Кахтани бейсенбі күні Гаагадағы халықаралық сотта: «Израиль режимі басып алуды тоқтатып қана қоймай, Палестина халқына, әсіресе Газа секторындағы геноцидті жалғастыруда»,- деді.

Әл-Кахтани: «Израиль режимінің Газа секторындағы геноциді тек халықаралық қылмыс емес, адамзаттың ар-ұжданын ауыртатын қылмыс»,- деді.

Катардың халықаралық соттағы өкілі: «Израиль режимі халықаралық соттың шешімдеріне қайшы келе, Иордан өзенінің батыс жағалауында қалашық салу мен аннексиялауды күшейтті.   Газа секторындағы палестиналықтар ашаршылық жағдайына тап болуда, өйткені геноцидші Израиль режимі кез келген көмектің кіруіне толығымен тосқауыл қоюда»,- деп мәләмдеді.

Катар өкілі сондай-ақ: «Израиль режимінің Газа секторындағы соғыс әрекеттері адам өміріне толық мән бермейтінін көрсетеді және Израиль UNRWA-ға (Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігі) салынған эмбаргоны тоқтатып, дереу жоюы керек»,- деп айтты.

Израиль режимі 2023 жылы 7 қазанда Газа секторына қарсы соғысты екі негізгі мақсатпен бастады: ХАМАС қозғалысын жою және сионистік тұтқындарды аймақтан қайтару, бірақ бұл мақсаттарына жете алмай, ХАМАС қозғалысымен тұтқындарды алмасу туралы келісімге келуге мәжбүр болды.

2025 жылы 19 қаңтарда ХАМАС пен Израиль режимі арасындағы келісім негізінде Газа секторында атысты тоқтату келісімі жасалып, бірқатар тұтқындар алмасылды. Алайда Израиль режимі атысты тоқтату келіссөздерінің екінші кезеңіне өтуден бас тартып, сейсенбі, наурыздың 18-і күні таңертең Газа секторына қарсы әскери агрессиясын атысты тоқтату шарттарын бұзып, қайта бастады.