Шәһид Синвардан сионистік режимге 2 маңызды сабақ
(last modified Sat, 03 May 2025 13:48:39 GMT )
Maм 03, 2025 19:48 Asia/Almaty
  • Шәһид Синвардан сионистік режимге 2 маңызды сабақ

Pars Today – Сионистік жазушы шәһид Яхья Синвардың сионистік режимге үйреткен екі маңызды сабағына тоқталды.

Сионистік жазушы Йоав Лимор сенбі күні «Израиль Хайом» газетінде: «Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси бюросының марқұм басшысы, шәһид Яхья Синвар сионистік режим құрылғаннан бергі ең үлкен апатты әкелді»,- деп жазды.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Лимор былай деп қосты: «Синвар сионистік режимге екі сабақ берді: Біріншіден, дұшпанның күшін бағаламау керек, екіншіден, Газадағы жауынгерлер қарапайым, бірақ жоғары дайындықтан өткен және зиялы».

Израиль армиясының запастағы қызметкері Исраэль Зив бұған дейін Хамастың режимге саналы әрекет етіп жатқанын мойындаған болатын.