Әл-Хақ институтының директоры: Газа аштық пен қоршау құрсауында тозаққа айналды
(last modified Mon, 05 May 2025 12:08:06 GMT )
Maм 05, 2025 18:08 Asia/Almaty
  • Әл-Хақ институтының директоры: Газа аштық пен қоршау құрсауында тозаққа айналды

ParsToday - Палестинаның әл-Хақ институтының директоры Газаны сионистік режимнің қатаң қоршауы мен жоспарлаған ашаршылыққа байланысты бұрын-соңды болмаған гуманитарлық апаттың алдында тұрған тозаққа теңеді.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина әл-Хақ институтының директоры Шаван Джабарин Израильдің қатаң блокадасы салдарынан Газадағы аштық дағдарысына тоқталып: «60 күннен астам толық блокададан, гуманитарлық көмектердің кіруіне тосқауыл қоюдан және өткелдердің жабылуынан кейін Газа денсаулық сақтау және өмір сүру қызметтерінің күйреуімен бетпе-бет келді»,- деді.

Джабарин: «Бұл апатты тоқтату үшін шұғыл шаралар қабылданбаса, бұл саясаттарды жалғастыру мыңдаған адамның, әсіресе балалардың, науқастардың, қарттардың және жүкті әйелдердің өліміне әкеледі» деп ескертті.

Әл-Хақ институтының директоры халықаралық қауымдастықты өткелдердің қайта ашылуы, қауіпсіз дәліздердің құрылуы және Газада 18 айға созылған геноцидтің тоқтатылуы үшін қысым жасау арқылы құқықтық және моральдық жауапкершілігін орындауға шақырды.

Джабарин бұл қылмыстар алдында үнсіздікті «ұят» және «адамзат үшін масқара» деп атады.

Айта кетейік, Израиль режимі Газа өткелдерін жабу арқылы гуманитарлық көмек, жанар-жағармай, дәрі-дәрмектің Газаға кіруіне рұқсат бермей отыр. 2023 жылдың 7 қазанынан бері 52 мың 495 адам шәһид болғанымен, Израильдің бұл аймаққа басқыншылығы жалғасуда.