Ольмерт: АҚШ-тың шабуылы мыңдаған жылдық мұрасы бар Иранды тізе бүктіре алмайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i80878
ParsToday - Сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі Американың шабуылынан Иранның құлдырамайтынын мойындады.
(last modified 2025-07-30T00:19:04+00:00 )
Маусым 23, 2025 14:54 Asia/Almaty
  • Ольмерт: АҚШ-тың шабуылы мыңдаған жылдық мұрасы бар Иранды тізе бүктіре алмайды

ParsToday - Сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі Американың шабуылынан Иранның құлдырамайтынын мойындады.

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт жексенбі күні кешке: «Иранға шабуыл жасау арқылы Беньямин Нетаньяху назарды Газа секторындағы тығырыққа тірелген соғыстан басқа жаққа аудара алды» деді. ParsToday агенттігінің Al Jazeera-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Ольмерт: «Өткен тәжірибелер Нетаньяху соғысты қалай бастау керектігін білетінін, бірақ оны тоқтатуға күші мен батылдығы жетпейтінін көрсетті», - деді.
Израильдің бұрынғы премьер-министрі  АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылына тоқталып: «АҚШ-тың бомбалауы Иранның ядролық бағдарламасын уақытша кейінге қалдыруы мүмкін, бірақ бұл шабуылдың салдары кеңірек болады»,-деді.
Ольмерт: «Алдын ала жасалған соққылар 90 миллион халқы бар және мыңдаған жылдарға созылған мұрасы ие елді тізе бүктіреді деп елестету менмендік пен шындықты түсінбеу»,- деп атап өтті.
Айта кетейік, АҚШ жексенбі күні таңертең үш ядролық нысанға: Форду, Натанз және Исфаханға шабуыл жасау арқылы Нетаньяхудың Иранға қарсы соғысына  қосылды.
Осы әрекеттен кейін Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи жолдау жариялап: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен оның өзін-өзі қорғау аясында заңды жауап беруге мүмкіндік беретін ережелеріне сүйене отырып, Иран өзінің егемендігі, мүдделері мен халқын қорғау үшін барлық мүмкіндерді өзіне қалдырады.