Ирак армиясы Фалуджені лаңкестердің басқыншылығынан азат ету үшін әрекет етуде
Ирак армиясының лаңкестерге тосқауыл қою жолындағы жуықтағы жеңістерінен кейін осы елдің қарулы күштері Фалудже стратегиялық қаласын алдағы бірнеше күн ішінде толығымен өз бақылауына алатынын хабарлап отыр.
«Alalam» телеарнасының сейсенбі күнгі хабарлауынша, Ирактың батысындағы «әл- Анбар» облысындағы ирактық қолбасшылардың бірі Хасан әс-Сари: «Қарулы күштер Фалуджені лаңкестердің басқыншылығынан азат ету қимылдарын алты жерден бастады. Қазірге дейін оның барлық кезеңдерінде жеңіске жеткен» деді.
Фалудже қаласында шамамен 600 лаңкес бекініп алып, осы қаланың 70 мың тұрғынын қоршауда ұстап отыр.
Фалудже Ирактың солтүстік-батысындағы Нейнава облысының орталығы Мосулден кейінгі Ирактағы лаңкестік топтардың орналасқан екінші негізгі базасы болып табылады.
Іс- қимылдардың алғашқы сағатында Фалудже мен әл- Караме қаласының төңірегіндегі төрт аймақ лаңкестерден аластатылды.
Осы амалдар барысында ондаған лаңкестің көзі жойылды.
Фалудженің шығысында халықтық ерікті күштерден 15 адам ДАИШ- тің шабуылдарынан қаза тапты.
Ирактан өзге бір хабар бойынша, Ирактың Әділет министрлігі осы елде 22 адамның лаңкестік топтармен сыбайластық жасады деген айыппен өлім жазасына берілгенін хабарлады.