Израиль Газа секторында ымыраны бұзды
Maм 25, 2016 20:43 Asia/Almaty
Израильдік әскерилер Газа секторында ымыраны бұзып, осы аймақтағы палестиналық диқандар мен малшыларға қарай оқ атты.
Израильдік әскерилер сәрсенбі күні Газа секторының оңтүстігінде Рафах және Хан Юнестің шығысындағы аймақта палестиналық диқандар мен малшыларға қарай оқ атып, палестиналықтарды осы аймақтан бассауғалап, қашуға мәжбүрледі. Палестина қарсыласуы мен сионистік режим арасындағы ымыра келісімшартына 2014 жылы тамыз айында осы режим армиясының Газа секторына 2014 жылы жасаған 50 күндік шабуылынан кейін Мысырдың қадағалауымен қол қойылды. Сионистік режим армиясының Газаға жасаған 50 күндік шабуылдары барысында 2300- ден астам палестиналық шәһид болды.
Тегтер