Maм 26, 2016 20:44 Asia/Almaty
  • Зариф: Ливанның оңтүстігін азат ету Ливан мен аймақтың қазіргі заманғы тарихындағы алтын парақ болып табылады

Иран Сыртқы істер министрі Ливан халқының осы елдің оңтүстігін сионистік режимнің басқыншылығынан азат етудегі жеңісінің 16- шы жылдығымен құттықтады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Хезболланың бас хатшысы сейіт Хасан Насролла мен Ливан Сыртқы істер министрі Джабран Басилге жолдаған жеке жолдауларда қарсыласу мейрамы және Ливанды сионистердің басқыншылығынан азат етудің 16-шы жылдығымен осы елдің халқын, үкіметін, Хезболла жауынгерлерін және армиясын құттықтады.

Иран Сыртқы істер министрі өз жолдауларында осы үлкен оқиғаны Ливан мен аймақтың қазіргі заманғы тарихындағы алтын парақ деп атап, Хезболла жетекшілігінің парасатты рөлін және осы жеңісте үлкен рөл атқарған Ливанның өзге басшылары мен Хезболла жауынгерлерін мадақтады.

Зариф сондай- ақ осы үндеулерде тағы да Иран ислам республикасының Ливан халқы, үкіметі, қарсыласу қозғалысы және армиясын қолдайтынын қуаттап, Алла Тағаладан Ливанның ұлы халқына абырой тіледі.

2000 жылдың 25- ші мамырында сионистер Ливан жерінен кері шегінуге мәжбүр болып, осы елдің жаулап алынған көптеген аймақтары азат етілді.

Тегтер