Әбу Убайда: Иран бүгін бүкіл исламдық үмметі қорғаудың алдыңғы шебінде тұр 
https://itolqyn.com/news/west_asia-i83310-Әбу_Убайда_Иран_бүгін_бүкіл_исламдық_үмметі_қорғаудың_алдыңғы_шебінде_тұр
ParsToday- Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың әскери жасағы Әзаладин Қасам баталиондар өкілі сионистік режимнің тек күш тілін түсінетінін айтып, Иранның басып алынған жерлерге зымыран шабуылдарын мадақтады.
(last modified 2026-03-22T15:40:27+00:00 )
Нау 22, 2026 20:28 Asia/Almaty
  • Әбу Убайда: Иран бүгін бүкіл исламдық үмметі қорғаудың алдыңғы шебінде тұр 

ParsToday- Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың әскери жасағы Әзаладин Қасам баталиондар өкілі сионистік режимнің тек күш тілін түсінетінін айтып, Иранның басып алынған жерлерге зымыран шабуылдарын мадақтады.

ParsToday-дің хабарлауынша, Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың әскери жасағы Әзаладин Қасам баталиондар өкілі: «Ислам революциясы Сақшылар корпусының  жаңа әдістермен жау жерінің ішіндегі нысандарды атқылып, оның нәтижесінде ондаған сионистін өлгенін және жараланғанын мақтанышпен бақылаймыз»,- деп жариялады.

Қасам баталиондар өкілі бұл шабуылдарды Иранға қарсы сионист-американдық шабуылға ғана емес, сонымен қатар Палестина халқына қарсы Газадағы жаппай қырғындарға табиғи жауап деп есептеп, былай деп айтты: «Сионистік жау тек күш тілін түсінеді және ауыр шығын келтіру – бұл режимді шабуылдарын тоқтатуға мәжбүрлеудің жалғыз жолы; осыған орай араб және ислам елдеріне қарсы іс-әрекеттерін жалғастырады».   

Әбу Убайда сондай-ақ: «ИИР бүгін ислам үмметін қорғаудың алдыңғы шебі және агрессорлар халықтардың ниетін бұзуда сәтсіздікке ұшырайды».

Қасам баталиондар өкілі аймақ халқының барлығын жауға қарсы бірігуге және негізгі мәселелерде, әсіресе Палестинаның азаттығы үшін бірлесіп әрекет етуге шақырды.