Лаңкестерді дайындаушы Сауд Арабиясы өз кінәсін өзгеге артуда
(last modified Sat, 28 May 2016 10:36:27 GMT )
Maм 28, 2016 16:36 Asia/Almaty
  • Лаңкестерді дайындаушы Сауд Арабиясы өз кінәсін өзгеге артуда

Азияның батыс аймағында, әсіресе Сирия мен Иракта өз мақсаттарын ілгерілетуде жеңіліске ұшыраған Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі өз елінің кінәсін өзгеге жауып, Иранды терроризмге қолдау көрсетіп отыр деп айыптады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр «Россия Сегодня» ақпарат арнасына берген сұхбатында Сауд Арабиясының Сирия мен Ирактағы лаңкестерді қаржылай және қару-жарақпен қамтамасыз етіп, осы екі елдің халқын қырып-жоюға тікелей қатысқанына көңіл аудармастан: «Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Сирия мен Ирактың халқымен соғысып, әлемде бүлдіруші жұмыстар жүргізеді»,-деген уәж айтты.

Иранмен жауластық және ислам әлеміндегі зұлымдық бойынша Израиль режимінен асып түскен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: «Иран тату көршілестік принципін құрметтемей, араб елдерінің ісіне араласады»,-деді.

Сауд Арабиясының жауапты тұлғалары, соның ішінде Сыртқы істер министрі эр-Риядтың қазіргі саясатының Теһранмен текетірес және лаңкестікке қолдау көрсету, аймақта Израиль мен үстемшіл жүйенің мүдделерін қамтамасыз ету болып отырған жағдайында кей-кейде Иранды лаңкестікті қолдаумен, араб елдерінің ішкі ісіне араласумен айыптайды.

Иранның саясаты аймақ елдерімен, әсіресе көршілес елдермен сындарлы әріптестік пен интеграция жасауға негізделген. Сол арқылы Азияның батысында қауіпсіздік пен тұрақтылық орнап, оның сақталуына кепілдік берілуін көздейді. Иран Сирия мен Ирак үкіметтерінің өтінішімен өз әскери кеңесшілерін осы екі елге жіберді. Олар лаңкестермен күрес майдандарында әскери кеңес береді. Иран әлемдік сахнада, әсіресе ислам елдеріне қатысты жауапты ел болып табылады және өзін лаңкестікке душар болып отырған елдерге көмектесуге міндетті санайды. Мұнымен қоса, Иранның өзі саудиялықтардың долларларының арқасында Таяу Шығыстың әртүрлі аймақтарында белең алған терроризмнің құрбаны болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі саудиялық медреселер ваххабилік идеяны тарататын орталықтар мен лаңкестерді дайындап шығаратын жерлерге айналды. Әртүрлі атауларға, соның ішінде әл-Каида, Талибан, ДАИШ, ән-Носрат майданы және басқа да ондаған атауға ие лаңкестік топтардың басшылары осы саудиялық-ваххабилік медреселерден тәлім алған.

Лаңкестік топтар өздері басып алған аудандарда халықты қырып, бүлдіргі әрекеттерін жасап жатыр. Ислам дінінің рақымды бейнесін қаралау Сауд Арабиясы қолдайтын лаңкестік топтардың стратегиясы болды. Эр-Риядтың бұл қатынасы тайпалық іріткіге әкеліп соқтырды. Сауд Арабиясының Ирактағы бүлдіргі рөлі – осы елге іріткі салудың келесі бір дәлелі.

Сауд Арабиясының Таяу Шығыстағы қарым-қатынасы осы елдің жариялаған саясаты – ұлттардың мүдделерін қорғау, лаңкестер және ірікті салушылармен күресу деген уәждеріне сәйкеспейді. Өйткені эр-Риядтың лаңкестер және сионистік режиммен әріптестігі – Сауд Арабиясының аймаққа іріткі салуының айқын дәлелі. Қатыгездік пен нәсілшілдік – лаңкестер мен Израильдің ұқсас тұсы. Сауд Арабиясының олармен әріптестігі ислам әлеміне ашықтан-ашық зұлымдық жасау болып табылады әрі аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына еш көмектеспейді.