Сионистік режимінің Ливан оңтүстігіне әуе шабуылында Қарсылық осінің журналистi шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i83444-Сионистік_режимінің_Ливан_оңтүстігіне_әуе_шабуылында_Қарсылық_осінің_журналистi_шәһид_болды
ParsToday – Қарсылық осінің танымал журналисті Ливан оңтүстігіндегі Жизинге сионист режимінің әуе шабуылында шәһид болды.
(last modified 2026-03-28T18:02:42+00:00 )
Нау 28, 2026 22:37 Asia/Almaty
  • Сионистік режимінің Ливан оңтүстігіне әуе шабуылында Қарсылық осінің журналистi шәһид болды

ParsToday – Қарсылық осінің танымал журналисті Ливан оңтүстігіндегі Жизинге сионист режимінің әуе шабуылында шәһид болды.

ParsToday-дің хабарлауынша, Ливан жауынгерлері мен халқы арасында танымал Хадж Әли 34 жыл Ливан оңтүстігінде журналистикамен айналысқаннан кейін сионистік режиммен нысанаға алынды, ол бұдан бұрын бірнеше рет террор қауіпімен бітпе-бет келген еді.

Хадж Әли сионист режимімен психологиялық соғыста өте маңызды рөл атқарды және тіпті сионистік қалашықтар тұрғындары оны, Ливан оңтүстігіндегі шынайы жаңалықтардың басты дереккөзі деп санады.

Әли Шуайб – Ливан мен оккупацияланған Палестина шекарасы – ең сезімтал және қауіпті майдан бөлігінде 34 жыл жұмыс істеген Қарсылық осінің жалғыз журналисті болды. Ол Сирия мен Ирақтағы такфиршілерге қарсы шайқастарда да қатысты.