Ирак астанасында лаңкестік жарылыстар болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8347
Бағдадтың оңтүстігі мен батысында болған лаңкестік жарылыстардан кемінде үш адам өліп, он бес адам жараланды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 28, 2016 22:17 Asia/Almaty
  • Ирак астанасында лаңкестік жарылыстар болды

Бағдадтың оңтүстігі мен батысында болған лаңкестік жарылыстардан кемінде үш адам өліп, он бес адам жараланды.

Жұма күні кешке Бағдадтың оңтүстігінде Ктесифон қаласына қарасты «әл- Вардие» аймағында орын алған лаңкестік жарылыстан екі Ирак азаматы қаза болып, өзге 8 кісі жараланды. Бағдадтың батысында «Хай әл- Эфрат» аймағындағы базар маңында болған лаңкестік жарылыстан да бір адам қазаға ұшырап, 7 кісі жараланды.

Ирактан келіп түскен өзге бір мәлімет бойынша, Ирактың «Бадр» күштерінің қолбасшысы Хади әл- Амери «әл- Анбар» облысындағы көшпенді тайпалардың басшыларынан азаматтардың жанын қорғап, лаңкестік идеялармен күресу үшін үкіметік күштермен ынтымақтастық жасауды сұрады.