Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: Ирандықтар қажылыққа бара алмайтын болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8446
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі биылғы уәжіп қажылықтың ирандықтар үшін іс жүзінде мүмкін еместігін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 30, 2016 08:51 Asia/Almaty
  • Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: Ирандықтар қажылыққа бара алмайтын болды

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі биылғы уәжіп қажылықтың ирандықтар үшін іс жүзінде мүмкін еместігін мәлімдеді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Әли Жәннати Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Бүгін жексенбіге дейін Сауд Арабиясының қайраткерлері Иранның талаптарына жауап беруі тиіс болған, бірақ арабстандық қайраткерлердің ирандық делегациямен екі кезең келіссөздегі қатынасының түрі мен сөзіне және кедергі келтірулеріне байланысты іс жүзінде қажылық парызын өтеу мүмкін емес» деді.

Осыдан бұрын Иранның қажылық және зиярат ұйымының төрағасы Саид Оухади Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Ияд Маданидың келіспеушіліктерді шешу үшін Саудия басшыларымен келіссөздер өткізудегі шынайы еңбегінен нәтиже шықпағанын айтып: «Саудиялық келісімгер топ қалған келіспеушіліктерді шешу үшін өздерін шешім қабылдайтын ерікке ие емес санайды» деді.

Сауд Арабиясының басшылары Иран басшыларымен сұхбаттасуда тіпті ирандық қажылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттеме қабылдаудан бас тартып, ирандықтардың қажылыққа бару талпыныстары жолында кедергілер келтіруде.