Эрдоған: Асадтың билік басынан кетуі - Сирия дағдарысын шешетін жалғыз жол
Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Ыстамбұлды жеңіп алу жылдығының рәсімінде: «Сирияның дағдарысы Башар Асадтың билік басынан кетуімен ғана аяқталады»,- деді.
«Фарс» ақпарат агентігінің Түркияның « «TRT» ақпарат арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған Ыстамбұлды жеңіп алудың 563-ші жылдығына арналған шараларда Сирия дағдарысына тоқталып: «Сирияның дағдарысы Башар Асадтың билік басынан кетуімен шешіледі, әрі лаңкестік топтарды құрту да мүмкін болады»,- деп қуаттады.
Эрдоған сонымен бірге Иран, Ресей және АҚШ-ты лаңкестікті қолдап, сириялық балаларды өлтіруде деп айыптап: «Орыстар мен ирандықтар және америкалықтарға балаларды өлтіру арқылы ДАИШ-ты жеңе алмайсыңдар деймін»,- деді.
Лаңкестікті қолдап, Түркияның шекарасын лаңкестердің алдынан ашып қойған Эрдоған: «Біздің дұшпандарымыз біздің жерлерімізді басып алғылары келді, бірақ олар сәтсіздікке ұшырады. Қазір олар мақсаттарына жету үшін лаңкестерді пайдалануда»,- деп мәлімдеді.