Эрдоған: Асадтың билік басынан кетуі - Сирия дағдарысын шешетін жалғыз жол
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8461-Эрдоған_Асадтың_билік_басынан_кетуі_Сирия_дағдарысын_шешетін_жалғыз_жол
Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Ыстамбұлды жеңіп алу жылдығының рәсімінде: «Сирияның дағдарысы Башар Асадтың билік басынан кетуімен ғана аяқталады»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 30, 2016 14:29 Asia/Almaty
  • Эрдоған: Асадтың билік басынан кетуі - Сирия дағдарысын шешетін жалғыз жол

Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Ыстамбұлды жеңіп алу жылдығының рәсімінде: «Сирияның дағдарысы Башар Асадтың билік басынан кетуімен ғана аяқталады»,- деді.

«Фарс» ақпарат агентігінің Түркияның « «TRT» ақпарат арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған Ыстамбұлды жеңіп алудың 563-ші жылдығына арналған шараларда Сирия дағдарысына тоқталып: «Сирияның дағдарысы Башар Асадтың билік басынан кетуімен шешіледі, әрі лаңкестік топтарды құрту да мүмкін болады»,- деп қуаттады.

Эрдоған сонымен бірге Иран, Ресей және АҚШ-ты лаңкестікті қолдап, сириялық балаларды өлтіруде деп айыптап: «Орыстар мен ирандықтар және америкалықтарға балаларды өлтіру арқылы ДАИШ-ты жеңе алмайсыңдар деймін»,- деді.

Лаңкестікті қолдап, Түркияның шекарасын лаңкестердің алдынан ашып қойған Эрдоған: «Біздің дұшпандарымыз біздің жерлерімізді басып алғылары келді, бірақ олар сәтсіздікке ұшырады. Қазір олар мақсаттарына жету үшін лаңкестерді пайдалануда»,- деп мәлімдеді.