Оухади: Сауд Арабиясы биылғы қажылыққа саяси тұрғыдан қарап отыр
Иран ислам республикасының Қажылық және зиярат ұйымы: "Сауд әулетінің қажылық парызына деген көзқарасы өте саяси сипатқа ие және қисыннан ада" деді.
Иранның Қажылық және зиярат ұйымының төрағасы Саид Оухади жексенбі күні кешке Иран теледидарының екінші арнасының «Ақпараттық арнайы сұхбат» атты бағдарламасына берген сұхбатында ирандық және арабстандық делегациялардың биылғы қажылық туралы келіссөздері үдерісіне сілтеме жасап: «Сауд Арабиясы келіссөздер барысында өткен жылдарда болмаған 11- ден астам шектеуді түсіністік меморандумына енгізген. Иран саудиялық тарапқа осы шектеулерді қабылдамайтынын мәлімдеді. Олар шектеулер қоюмен қоса, ирандық қажылардың Иран әуе компаниясы мен Иранның тасымалдау флотын қолдану және визамен қоса, өзге 9 шектеу қойды. Соларды Иран басшылары қабылдамады» деді.
Оухади Сауд Арабиясында ирандық қажыларға жағымсыз қатынас көрсетуді жүйелі түрде Саудияның кейбір аппараттары мен басшыларының демеушілігі арқылы жүзеге асуда деп атап: «Олар әуежайда ирандық қажыларға ислам тағылымдары мен ахлаққа жат қылықтар көрсетіп, керуендегі діни қайраткерлерге тіл тигізіп, тіпті қажылардың Құран кітаптарын алып, оны қорлады.
Сауд Арабиясының басшылары толассыз кедергі келтірумен ирандық қажыларды мақұрым етті. Сауд Арабиясының үкіметі жауапты болуы керек» деді.