ХАМАС Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуге ынталы
Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС саяси кеңсесінің аға мүшесі бұл қозғалыстың ИИР-мен қарым-қатынасты кеңейтуге ынталы екенін қуаттады.
Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС саяси кеңсесінің аға мүшесі Мұса Абу Марзуқ: «Иран – ХАМАС-тың бұрыннан бері байланыс жасап келе жатқан ислам әлемі елдерінің бірі. Бұл қозғалыс бұрынғыдай Иранмен табиғи байланыста болуға тырысып, бұл қатынасқа кейбір елдер арасындағы аймақтық мәселелерді араластырмайды. ХАМАС діни және этностық мәселелерге назар аудармастан аймақтың басқа тараптарымен әріптестік жасайды. Мұны өзі мен Палестина халқының мүддесіне сай деп санайды. ХАМАС палестиналықтар мен араб елдері, әсіресе Мысыр арасында қандай да бір қайшылықтың туындауының алдын алуға тырысуда. Өйткені бұл ел Рафах шекаралық бекеті арқылы Газа секторының сыртқы әлеммен негізгі байланыс жолы болып саналады»,-деді.