Ливанда имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығына арналған шара өтті
(last modified Thu, 02 Jun 2016 14:01:22 GMT )
Маусым 02, 2016 20:01 Asia/Almaty
  • Ливанда имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығына арналған шара өтті

Ливанда өткен отырыста имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығы атап өтілді.

Отырыс Ливанның астанасы Бейрутте «Имам Хомейни және исламдық бірлік» деген тақырыпта өтті.

Отырыста Бейруттегі Иранның елшісі Мохаммад Фатхали, Бейруттегі Иранның мәдени өкілдігінің директоры Меһди Шариатмадар, «Мұсылман ғұламалары» жамиғатының кеңселік комитет төрағасы шейх Хесан Абдолла, Ливандағы «Палестинаның исламдық джиһады» қозғалысының өкілі Абуемад ал-Рефаи, Ливанның «Оммат» жамиғатының бас хатшысы шейх Абдунасер Джабари және тағы да басқа ирандық, ливандық тұлғалар қатысты.

Шейх Хесан Абдулла сол рәсімде сөйлеген сөзінде: «Имам Хомейнидің көрегенділігі хазіреттің ең басынан ислам үмбеті бетпе-бет келіп отырған ең үлкен қатердің айла-шарғы екендігін тануына себеп болды. Сол себепті хазірет ислам бірлігін үмбеттің жеңіске жетуінің жалғыз шешім жолы ретінде қуаттады» деді.