Бахрейн АҚШ-тың шейх Салманды азат ету туралы өтінішіне қарсылық білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8833
Бахрейннің СІМ АҚШ қайраткерлерінің «әл-Уафақ» қозғалысының бас хатшысы шейх Әли Салманды азат ету туралы өтінішіне қарсылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 05, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Бахрейн АҚШ-тың шейх Салманды азат ету туралы өтінішіне қарсылық білдірді

Бахрейннің СІМ АҚШ қайраткерлерінің «әл-Уафақ» қозғалысының бас хатшысы шейх Әли Салманды азат ету туралы өтінішіне қарсылық білдірді.

Бахрейннің «Мерат» ақпарат сайты сенбі күнгі бір мәліметте: «Бахрейннің СІМ АҚШ қайраткерлерінің «әл-Уафақ» қозғалысының бас хатшысы шейх Әли Салманды азат ету туралы өтінішін заңды күшке ие емес санап, оған қарсылық білдірді»,-деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, Бахрейннің Сыртқы істер министрі Twitter әлеуметтік желісінде бір мәлімет жариялап: «АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Саманта Пауэр мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия және адам құқығы жөніндегі орынбасары Том Малиновски Бахрейннің ішкі ісіне араласпауы тиіс»,-деді.

Пауэр сенбі күні таңертең Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында: «Бахрейн үкіметі шейх Әли Салманның қамауда болу мерзімін екі есе ұлғайту арқылы бұл елде басып-жаншуды күшейтіп отыр. Шейх Салман босатылуы тиіс»,-деп жазды.

Бахрейннің Аппеляциялық соты 30 мамырда шейх Салманды бостандықтан айыру мерзімін 4 жылдан 9 жылға арттырды.