Ирак кейбір араб елдерінің Фаллуджа туралы қаралау әрекетіне реакция білдірді
(last modified Sun, 05 Jun 2016 16:05:44 GMT )
Маусым 05, 2016 22:05 Asia/Almaty
  • Ирак кейбір араб елдерінің Фаллуджа туралы қаралау әрекетіне реакция білдірді

Ирактың СІМ кейбір араб елдерінің «әл- Анбар» облысына қарасты Фаллуджа қаласын азат ету амалдарын қаралау әрекетін сынады.

Ирактың «al-Sumariya News» ақпарат агенттігінің интернет торабының мәлімдеуінше, Ирак СІМ- нің ақпарат хатшысы Ахмад Джамал жексенбі күні кейбір араб елдерінің Фаллуджа туралы қаралау әрекетіне көрсеткен реакциясында Парсы Шығанағы өңіріндегі кейбір араб елдері дипломаттарының Фаллуджа қаласын азат ету амалдарына қатысты алаңдаушылық білдіруін таң қаларлық деп атады.

Ахмад Джамал Ирак ДАИШ-пен шайқас үшін әскери кеңесшілердің құзырына сілтеме жасап: «Қалаларды азат ету қаһармандық қимылдары жақсы жобаланды. Тек Ирак үкіметі ғана өзімен одақтас елдердің әскери кеңесшілерін пайдалану туралы шешім қабылдайтын болады. Ирак үкіметі ДАИШ тарапынан жаулап алынған қалған қалаларды азат ету үшін өзге елдерден көмек алады. Сонда осы қалалардың тұрғындары лаңкестердің қылмыстарынан құтқарылып, әлем елдері де осы лаңкестік топтан құтылатын болады» деді.