Әмир Абдоллаһиян: Сирия - лаңкестік және әсірешілдікпен күрестің туын көтеруші
(last modified Mon, 06 Jun 2016 16:11:09 GMT )
Маусым 06, 2016 22:11 Asia/Almaty
  • Әмир Абдоллаһиян: Сирия - лаңкестік және әсірешілдікпен күрестің туын көтеруші

ИИР Сыртқы істер министрінің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Сирияны бүгін майданның жеңімпазы және әлемде лаңкестік пен әсірешілдікпен күрестің туын ұстаушы деп атады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиян жексенбі күні Теһранда Ливанның кейбір тұлғалары, партиялар мен саяси және діни топтардың өкілдерін қабылдауында: "Сирия халық пен армияның еңбегінің арқасында әрі қарсыласу қозғалысының қолдауымен бес жылдан астам уақыт бойы сионистік режим мен лаңкестік топтардың астыртын әрекеттеріне қарсы тұрып келеді. Кейбір тараптар лаңкестерге жан- жақты қолдау көрсетумен және ымыраны ашықтан- ашық бұзумен түрлі заңсыз әрекеттерге барып, атап айтқанда осы елде бүлік шығарумен және бейберекеттікті күшейтумен Сирияның билігін күйретуді мақсат етіп отыр. Осы уақытқа дейін дағдарыстан шығу үшін ешқандай сындарлы бағыт- бағдар ұсынған жоқ. Ислам әлемі Палестина мәселесін өзінің басты бағдары етуі керек. Аймақ елдерінің қауіпсіздігі бір- бірімен ұштасқан мәселе болған. Батыс Азия аймағындағы бейберекеттіктің негізгі ошағы сионистік режим болып табылады" деді.