Фаллуджаны ДАИШ-тен босатудың баяулығының себептері
(last modified Tue, 07 Jun 2016 09:57:44 GMT )
Маусым 07, 2016 15:57 Asia/Almaty
  • Фаллуджаны ДАИШ-тен босатудың баяулығының себептері

Ирак әскері мен халықтық күштерінің Фаллуджаны босату әрекеттері басталғаннан бері екі апта өтіп барады, бірақ бұл әрекеттің ілгерілеуі баяу.

Ирактың батысындағы әл-Анбар облысындағы Фаллуджаны ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат ету әрекеттері елдің Премьер-министрі әрі Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Хайдер әл-Абадидың бұйрығымен биылғы жылдың 23-ші мамырынан басталды. Ирак әскері мен халықтық күштері бұл әрекетте майдандық маңызды табыстарға жетті. Қазіргі кезде бұл әрекеттер соңғы кезеңдерін өткеруде.

Қазіргі кезде «Осыған дейін Тикрит пен эр-Рамадиды азат еткен Ирак әскері неліктен Фаллуджаны азат ету әрекеттерін баяу жүргізуде?» деген сұрақ туындайды.

Ең маңызды себептердің бірі Фаллуджаның ДАИШ үшін маңызды болуы саналады. Фаллуджа бұл елдің астанасы Бағдаттың батысында 60 километр жерде орналасқан. Аталмыш қаланың Ирак астанасына жақын болуы ДАИШ үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Сонымен бірге Нейнава облысының орталығы Мосулмен бірге Фаллуджа ДАИШ-тың қолында қалған соңғы базалар болғандықтан Фаллуджадан айрылу бұл лаңкестік топқа шынайы психикалық нұқсан келтіреді.

ДАИШ лаңкестері Фаллуджаның халқын өздері үшін қорғаныс қалқаны ретінде пайдаланады. Осыған орай Фаллуджа халқының жартысы үйлерінен қашып кетті. Бірақ осы кезге дейін шамамен 50 мың әскери, соның ішінде 20 мың бала ДАИШ-тың қолында. Бұл мәселе де Ирак әскері мен халықтық күштерінің Фаллуджадағы әрекеттерін бәсендетіп отыр.

Сол себепті Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абади: «Фаллуджаны азат етудің басты мәселесі азаматтардың жанын сақтап, әскери емес халықтың шығынын ең төменгі деңгейге жеткізу»,- деп жариялады. Ирактың Бадр ұйымының Бас хатшысы Хади әл-Амери де ирактық ортақ күштердің Фаллуджаны азат ету әрекеттерінде әскери емес қарапайым халықтың өмірлерін сақтау талпыныстарын қуаттады.

Фаллуджаны азат еті әрекеттерінің баяу болуының келесі себебі Ирак үкіметінің кейбір ішкі және сыртқы қарсыластарының қастандықтарына қатысты. Ирактың кейбір ішкі күштері, соның ішінде БААС мүшелері Ирак үкіметін әлсіреткісі келетін кейбір саяси топтармен бірге Фаллуджаны азат ету әрекеттеріне кедергі жасауда. Сонымен бірге Сауд Арабиясы сынды шетелдік ойыншылар Фаллуджаның толық азат етілуін өз мүдделері үшін зиян деп санайды. Өйткені бұл мәселе Ирак үкіметінің лаңкестікпен күресу мүмкіндігін дәлелдеуімен бірге Ирак пен Сириядағы лаңкестерді қолдайтын Сауд Арабиясы мен басқа кейбір араб және батыс мемлекететрінің саяси абыройының бір түрі болып саналады.

Сондықтан сарапшылардың көбі Ирактың қазіргі саяси дағдарысы мен наразылардың парламентке жасаған шабуылы Сауд Арабиясы мен Ирак үкіметіне қарсы ішкі ойыншылар тарапынан іске асырылып, Ирак әскері мен халықтық күштерінің елді ДАИШ лаңкестерінен толығымен босатуға кедергі тудыруда.