Башар Асад Сирия Мәжілісінің жаңа кезеңінің ашылу рәсімінде сөз сөйледі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i9034-Башар_Асад_Сирия_Мәжілісінің_жаңа_кезеңінің_ашылу_рәсімінде_сөз_сөйледі
Сирия Президенті елдегі дағдарыстың шешімін тек лаңкестіктің тамырын құртуда деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 08, 2016 17:50 Asia/Almaty
  • Башар Асад Сирия Мәжілісінің жаңа кезеңінің ашылу рәсімінде сөз сөйледі

Сирия Президенті елдегі дағдарыстың шешімін тек лаңкестіктің тамырын құртуда деп атады.

Сирияның ресми ақпарат агенттігі «SANA»-ның мәліметі бойынша Сирия Президенті Башар Асад сейсенбі күні елдің жаңа Мәжілісінің екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Сирия халқының парламенттік сайлауға кең ауқымды қатысуы әлемге қысымдар күшейген сайын Сирия халқының өз тәуелсіздігіне деген табандылығы артады деген хабарды жеткізді»,- деді.

Башар Асад Түркияның Сирияға қатысты ұстанымдарын сынап: «Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Сирияда нәтижеге жетпеген соң, бұл елдің солтүстігіндегі Алеппо қаласына шоғырланды. Бірақ Аллепо да Эрдоғанның армандары мен мақсаттарының қабіріне айналады»,- деп қуаттады.

Сирия Президенті сондай-ақ, Сириядағы Иран мен Ливан басшыларының рөліне тоқталып, Иран мен Ресейге ұстанымдарының тұрақтылығы үшін ризашылығын білдірді.