Лариджани Иранның Сириямен стратегиялық ынтымақтастығының жалғасатынын қуаттады
Иран мәжілісінің төрағасы Сирия парламентінің жаңа төрайымы Хадие Халаф Аббасқа жолдауында Иранның стратегиясын Сирияда тұрақтылық пен тыныштық орнату үшін Сирия үкіметі және халқымен жан- жақты ынтымақтастық жасау болып табылады деп мәлімдеді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани осы жолдауда Хадие Халаф Аббасты Сирия парламентінің төрайымы болып сайлануымен құттықтап, оның жауапкершілігі кезінде достық байланыс пен аймақтық және халықаралық деңгейде екі ел арасындағы парламенттік ынтымақтастықтардың кеңеюіне үміт білдірді.
Лариджани жолдауда тәкфирлік лаңкестік топтардың көзінің жойылуына және Сирия үкіметі мен халқының жеңіске жетуіне тілектестік білдірді. Ұлттық бірлік коалициясының мүшесі Хадие Халаф Аббас Сирия парламентінің жаңа төрайымы болып сайланды.