Тель- Авивте болған атыстан төрт адам қаза болып, алты адам жараланды
Тель- Авивте сионистік режим армиясының бір орталығының маңында болған атыстан төрт адам қаза болып, алты адам жараланды.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, хабар көздері сәрсенбі күні кешке сионистік режимнің 10-шы телеарнасына сілтеме жасап, атысушылардың үстеріне әсірешіл еврейлердің киімін кигендерін, олардың бірінің жараланып, келесі біреуінің құрықталғанын хабарлаған.
Осы мәлімет бойынша, кейбір жаралы кісілердің жағдайы мүшкіл көрінеді.
Сионистік дереккөздерінің алғашқы мәліметтері атыс оқиғасының сәрсенбі күні түстен кейін Тель- Авивтегі «Sharona Sharona» сауда орталығында орын алғанын аңғартады.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, құрықталған екі кісі – палестиналықтар. Олар әл- Халил маңындағы ауылдың тұрғындары болып табылады. Екеуі бір отбасыдан шыққан.