Катар әміршісі Руханимен телефон арқылы сөйлесті
(last modified Thu, 09 Jun 2016 07:28:19 GMT )
Маусым 09, 2016 13:28 Asia/Almaty
  • Катар әміршісі Руханимен телефон арқылы сөйлесті

Катар әміршісі ИИР президентімен телефон арқылы сұхбатта екіжақты, аймақтық және халықаралық салаларда екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту туралы сөйлесті.

ИРНА- ның хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани Катар әміршісі шейх Тамим бин Хамад әл-Танимен телефон арқылы сұхбатта ислам республикасының көршілес ел Катармен байланысын бауырластық деп атап, Теһранның Дохамен ынтымақтастықтарды кеңейтіп, тереңдетуді қолдайтынын мәлімдеді.

Аймақ мәселелерінің аймақ елдерінің атсалысуымен келіссөз арқылы шешілуі керектігін қуаттаған Рухани: «Иран аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігін күшейту үшін аймақтағы дос мемлекеттермен, соның ішінде Катармен кеңесуді арттыруға дайын» деді.

Катар әміршісі телефон арқылы сұхбатта: «Катар Иран ислам республикасымен тату- тәтті және аса жақын қарым- қатынасын мақтан тұтып, осы байланыстың бұрынғыдан көбірек кеңейе түсуіне үміт артады» деді.

Шейх Тамим бин Хамад әл- Тани Иранның аймақтық мәселелерді шешудегі маңызды да стратегиялық рөлі мен мәртебесін қуаттап: «Катар Иран мен Парсы Шығанағының оңтүстік жағалауындағы елдер арасында ізгі және стратегиялық байланыстың қалыптасуын қалайды» деді.