Сионистік режимнің палестиналықтарға шабуылдары күшеюде
(last modified Thu, 09 Jun 2016 17:41:29 GMT )
Маусым 09, 2016 23:41 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің палестиналықтарға шабуылдары күшеюде

Сионист әскерилер палестиналық екі күрескердің жуырдағы әрекеттерінен өш алу сылтауымен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әртүрлі аймақтарға шабуылдарын күшейте түсті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша сәрсенбі күнгі кештен бері және палестиналық екі жастың Тель-Авивтегі 4 сионистің өлімі мен жеті адамның жаралануына соқтырған сионизмге қарсы әрекеттерінің жалғасында израильдік әскерилер палестиналықтарға қарсы өздерінің шабуылдарын арттырып, Наблус пен Бейт-Лехемде олардың бірқатарын құрықтаған. Сол шабуылдарда екі палестиналық та жараланған.

Сионистік режим сонымен қатар бейсенбі күні таңертең сексен үш мың палестиналықтың мүбарак рамазан айында басып алынған жерлерге енетін рұқсатнамаларының күшін жойды. Сионист әскерилер палестиналықтарға әрдайым әртүрлі сылтаумен, соның ішінде суық қарумен жарақталған немесе қарсыласу амалдарын орындауды мақсат еткен деп шабуыл жасайды. Құдс интифазасынан бері 215-тен астам палестиналық шәһид болып, көп адам жарақат алып, палестиналық бірқатар азамат құрықталды.