Ирак Сауд Арабиясының ДАИШ-ке қаржылай көмек жинауына реакция білдірді
Ирак Сауд Арабиясының ДАИШ-ке қаржылай көмек жинауына реакция білдірді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметінше, Ирак Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының кейбір топтарының ДАИШ лаңкестеріне қаржылай көмек жинауына реакция білдіріп, бұл елдің үкіметінен мұндай қайшылық тудыратын әрекетті түсіндіруді талап етті.
Ирак Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ өз мәлімдемесінде Сауд Арабиясы үкіметінен Ирактың қауіпсіздік күштерінің бір бөлігін құрайтын бұл елдің халықтық күштеріне қарсы қисынсыз сөздерін тоқтатуды талап етті.
Ирак Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Сауд Арабиясының ДАИШ-ке қаржылай көмек көрсетуі Қауіпсіздік кеңестің қарарын айқын бұзу деп аталған.
Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі бұл елдің үкіметінің халықтың ДАИШ-ке қаржылай көмек жинауына қарсы тұра алмайтынын айтып: «Себебі бұл іс халықтың сезімімен байланысты»,- деп мәлімдеді.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мансур Ат-Турки жұма күні: «Әл-Хашад әш-Шаба күштерінің Фаллуджаны босатуға қатысуы Сауд Арабиясы халқының ДАИШ-ке қаржылай көмек жинауына себеп болды»,- деді. Ирактың дұшпандары, соның ішінде Сауд Арабиясы арандату саясатымен Ирактың халықтық күштерін Иранмен байланысты деп көрсетуге талпынуда.