Израиль араб бейбітшілік жобасына қарсылық білдірді
Сионистік режимнің премьер-министрі Ликуд партиясының министрлерінің отырысында қайтадан араб бейбітшілік жобасына өзінің қарсы екенін қуаттады.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Ликуд партиясы министрлерінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Араб үкіметтері араб бейбітшілік жобасына Израильдің қалауы бойынша өзгеріс енгізуі қажет. Егер Израильдің талаптары ескерілсе келіссөздерді бастауға болады.
Араб бейбітшілік жобасындағы 1967-ші жылдағы шекараларға қайтып оралу, яғни Палестинаның жерлерінен артқа шегіну сынды теріс пункттер өзгертілмей, сионистік режим қазіргі араб бейбіт жобасының палестиналықтармен келіссөздер жүргізетін негіз болуына келіспейді»,- деп қуаттады.
Сионистік режим араб бейбітшілік жобасына өзгерістер енгізіп, бұл жобадағы палестиналықтар үшін қарастырылған аздаған ұпайды алып тастап, сондай-ақ сионистік режимді еврейлер үкіметі ретінде араб елдеріне ресми қабылдатуды шарт етіп, палестиналық босқындардың отандарына оралу құқықтарын толық жойды.
Жермен алмасу Таяу Шығыста бейбітшілік орнатудың маңызды мәселелерінің бірі. Соның ішінде араб бейбітшілік жобасы сионистік режимнің палестиналық аймақтардағы билігін арттыру және басқыншы режимді заңдастыру үшін пайдаланылмақ. Осындай жағдайда Нетаньяху: «Израилдің көзқарасы бойынша, бұл жобаның оң тұрғысы араб елдерінің Израильмен бейбітшілік орнатып, қарым-қатынастарын бірқалыпқа келтіруге дайындығы»,- деп қуаттады.
2002-ші жылы Сауд Арабиясының тарапынан ұсынылған араб бейбіт жобасы 22 араб мемлекетінің сионистік режиммен бейбіт келісімге келіп, бұл режимнің 1967-ші жылдағы шекараларына оралса, оны ресми қабылдауды қарастырған.
Сионистік режим өзінің бейбітшілікке қарсы болмысына орай кез келген бейбіт жобаға қарсылық көрсетіп, бұл жобаны да қолдамаған жағдайда араб бейбітшілік жобасын кейбір араб мемлекеттері зерттеуде. Палестиналықтардың азғантай құқықтарына қарсы сионистік режим араб бейбітшілік жобасын қабылдамады. Осылайша іс жүзінде бұл жоба тығырыққа тірелді.
Сионистік режиммен бітімге келудің жақтастары, яғни АҚШ пен бірнеше араб мемлекеті және Араб одағының кейбір басшылары өткен жылдары араб бейбітшілік келісіміне өзгерістер енгізіп, бұл жобада палестиналықтар үшін қарастырылған азғантай құқықтарын алып тастамақ. Мұндай алдау-арбаулар палестиналықтар мен қоғамдық ой-пікірдің Құдсты басып алған режимге қарсы наразылықтарды арттырды.