Түркияның оңтүстігінде ДАИШ-тың жаралылары емделуде
Маусым 16, 2016 20:07 Asia/Almaty
Түркия дәрігерлері олардың кәсіби миссиялары кез келген науқасты емдеу деген уәжбен жаралы лаңкестерді емдеп жатқандарын растады.
Өз көздерімен көрген куәлер мен Түркия дәрігерлері ДАИШ лаңкестік тобына мүше жаралылардың үсті-үстіне Сирия шекарасынан осы елдің ауруханаларына жеткізіліп жатқанын растады. Түркиядағы дәрігерлердің жергілікті ассоциациясының басшысы "Россия сегодня" хабар арнасына берген сұхбатта: "ДАИШ тобы мен Сирияның азат армиясына мүше лаңкестер Сирия мен Түркияның шекарасынан топтасып өтіп, Сирия үкіметімен күрес майданына қайтып оралу үшін медициналық көмек алуда" деді.
Тегтер