Бахрейн ғұламалары әл-Халифе режимінің шараларына рекция білдірді
Бахрейн ғұламалары осы елдің наразы ұйымдарын таратып, олардың кеңселерін жауып, адамдарды құрықтауды «соғыс жариялау» деп атады.
Фарс хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Бахрейн ғұламалары бейсенбі күні ал-Халифе режимінің наразы халық пен діни және саяси ұйымдарға қарсы басып-жаныштау шараларын айыптады.
Бахрейн ғұламаларының мәлімдемесінде Бахрейн режимінің саясаты лаңкестік деп аталып: «Мұндай қысым көрсетудің артуы қисынсыздық пен саясатты шетке қойып, бейбіт, әрі өздерінің заңды құқықтарына жетуді қалайтын халыққа қарсы секталық қатынастан өзге ештеңе емес. Егер үстем жүйе осы басып-жаныштау әрекеттерімен халықтық қозғалыстарды тоқтатамыз деп ойласа, қателескендері деп қуаттады.
Осы аптада ал-Халифа режимі Бахрейннің ең үлкен наразы жамиғаты «ал-Вифақтың» кеңселерін жауып тастады. Мұнымен бір мезгілде «Ат-Тавие ал-Ислами» және «ар-Ресала» деген тағы басқа екі жамиғат та таратылды.