ДАИШ лаңкестері Фаллуджадан қашты
Ирактың батысындағы Фаллуджа қаласын азат ету әрекеттерінің қолбасшысы ДАИШ лаңкестері тобының бұл қаладан қашқаны туралы хабарлады.
«Әл-Әлам» телеарнасының мәліметінше, Фаллуджа қаласын азат ету әрекеттерінің қолбасшысы бейсенбі күні Фаллуджадағы ДАИШ тәкфіршіл лаңкестерінің күйреуіне сілтеме жасап: «ДАИШ лаңкестері топ-топ болып, осы қаланың батыс аймақтарына қарай қашты»,- деп мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша Фаллуджа тұрғындарын қаладан шығару ДАИШ лаңкестеріне қарсы әрекеттерге сындарлы көмек болды. Қауіпсіз жолдар арқылы Фаллуджаны тұрғындарынан босату қазір Омерие аймағына жетті.
Фаллуджа қаласын азат ету әрекеттерінің қолбасшысы сонымен бірге қаланың орталығындағы үкіметтік ғимараттарға жету үшін Ирактың әскери және халықтық күштерінің төрт жақтан алға ілгерілеп келе жатқаны туралы хабарлап: «Фаллуджаның толық босатылуы туралы хабардың жариялануына өте аз уақыт қалды»,- деп қуаттады.