Иран Бахрейн үкіметінің өз елінің халқына қарсы әрекеттеріне реакция білдірді
(last modified Fri, 17 Jun 2016 11:39:50 GMT )
Маусым 17, 2016 17:39 Asia/Almaty
  • Иран Бахрейн үкіметінің өз елінің халқына қарсы әрекеттеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрейн үкіметінің өз елінің халқына қарсы әрекеттеніп, «әл-Вифақ жамиғатының» кеңсесін жауып, жұмысын тоқтатқанына өкініш білдірді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Хосейн Джабери Ансари бейсенбі күні: «Бахрейн үкіметінің қауіпсіздік шараларды күшейтіп, саяси басшылар мен адам құқығы белсенділерін тұтқындауы және саяси-қоғамдық жамиғаттардың кеңелерін жабу арқылы халықтың бейбіт наразылықтарын басып-жаншуы бұл елдің ішкі дағдарысының артуына себеп болады. Бахрейн үкіметі сенім тудыратын іс-әрекетімен шынайы келіссөздерді бастап, елде тыныштық пен тұрақтылық орнату үшін қажет жағдай тудырады»,- деген үміт білдірді. Осы аптада әл-Халифа режимі Бахрейннің ең үлкен наразы жамиғаты «әл-Вифақтың» кеңселерін жауып тастады. Мұнымен бір мезгілде «Әт-Тавие ал-Ислами» және «әр-Ресала» деген тағы басқа екі жамиғат та таратылды.

Өткен аптада Бахрейннің Адам құқығы орталығының басшысы Набиль Раджаб бірнеше ай бостандықта болғаннан кейін қайтадан тұтқындалды. Бұдан бұрын Бахрейннің соты «әл-Вифақтың» басшысы шейх Әл Салманның бос бостандығынан айырылу мерзімін 4 жылдан 9 жылға ұзартқан болатын.