Фаллуджаның азат етілуі ДАИШ-тың толық жеңілісінің бастамасы
Ирак президенті Фаллуджаның азат етілуін ДАИШ-тың Ирактағы толық жеңілісінің бастамасы деп қуаттады.
Ирак президенті Фуад Масум Фаллуджа қаласының азат етілуімен осы елдің халқын құттықтаған жолдауда Фаллуджадағы ДАИШ тәкфірлік тобын қаһармандықпен жеңуді олардың Ирак жеріндегі толық жеңілісінің бастамасы деп сипаттады. Ирак президенті Фаллуджа қаласының Ирактың қауіпсіздік және халықтық күштерінің үздіксіз әрекеттері барысында азат етілгенін мәлімдеді. Фуад Масум сонымен қатар Фаллуджа қаласын азат ету амалдарында армия мен полиция және Күрд Пишмарге күштерінің, сондай-ақ халықтық және тайпалық күштердің арасындағы бірлікті мадақтап, Фаллуджа қаласындағы Ирак халқының қарсыласуы мен жанкештілігін де дәріптеуге тұрарлық деп бағалады. Фаллуджа қаласының ДАИШ лаңекестік тобының қолынан Ирак армиясы мен халықтық күштері тарапынан азат етілуінен кейін Иранның Мәжіліс төрағасы мен Сыртқы Істер Министрі және осы елдің дипломатиялық органының ақпарат хатшысы да осы жеңіспен Ирак халқы мен үкіметін құттықтады.