8 сириялық босқын Түркия шекарашылары тарапынан оққа ұшып, қаза болды
(last modified Sun, 19 Jun 2016 16:53:35 GMT )
Маусым 19, 2016 22:53 Asia/Almaty
  • 8 сириялық босқын Түркия шекарашылары тарапынан оққа ұшып, қаза болды

Сирияның адам құқығын бақылаушы орталығының хабарлауы бойынша Түркия шекарашылары Джиср-эш-Шуғурдің солтүстік маңында осы елдің Түркиямен шекарасы арқылы Түркияға өтпек болған сириялық босқындарға қарай оқ атқан. Соның салдарынан өзге 8 адам да жараланған.

Осы мәлімет бойынша, қаза болғандардың арасында үш бала бар. Сирияның адам құқығын бақылаушы орталығының мәліметі бойынша, Түркия шекарашылары Түркия шекараларында сириялық босқындарға қатысты көптеген қылмыс жасаған.