8 сириялық босқын Түркия шекарашылары тарапынан оққа ұшып, қаза болды
Маусым 19, 2016 22:53 Asia/Almaty
Сирияның адам құқығын бақылаушы орталығының хабарлауы бойынша Түркия шекарашылары Джиср-эш-Шуғурдің солтүстік маңында осы елдің Түркиямен шекарасы арқылы Түркияға өтпек болған сириялық босқындарға қарай оқ атқан. Соның салдарынан өзге 8 адам да жараланған.
Осы мәлімет бойынша, қаза болғандардың арасында үш бала бар. Сирияның адам құқығын бақылаушы орталығының мәліметі бойынша, Түркия шекарашылары Түркия шекараларында сириялық босқындарға қатысты көптеген қылмыс жасаған.
Тегтер